Аудан әкімі колледж студенттерімен кездесті

136 Views

Бүгінгі күнге дейін ел болашағы жастарды тәрбиелеуде ауданымызда біршама жұмыстар атқарылып, жастар саясаты, жастарды әлеуметтік-экономикалық жағынан қолдау шаралары өз шешімін тауып келеді. Осы орайда, өткен жұмада аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттерімен еркін форматта кездесу өткізді. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген шараға 100-ге жуық жас қатысты. Өз сөзінде аудан басшысы қазіргі ел басқару форматы мен мәдениеті өзгергендігі туралы айтып, жастарға, жалпы адал қызмет етемін деген әрбір қазақстандыққа бар мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті. Шара барысында аудан әкімі өңірімізді қалай дамытамыз, қандай мәселелер бар, сонымен қатар, алдағы уақытқа қандай идеялар бар екенін сұрап, жастардың ой-пікірлерін тыңдап, еркін тақырыпта әңгіме өрбітті. Жиын соңында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстардың барлығы назардан тыс қалмайтындығын жеткізді. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: