Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
24 қазан – Кітапханашылар күні. Осыған орай Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Махаббатым – кітап, мамандығым –кітапханашы» деген тақырыпта ретро кеш өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Есеев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бауыржан Бақытжанұлы өз сөзінде кітапханашы деген мамандықтың құдіретін сөз етіп, осы салада еңбек етіп жүрген барша кітапхана қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, Бауыржан Бақытжанұлы бірқатар кітапхана қызметкерлерін аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Аманат» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалы төрағасының алғыс хатымен марапаттады.Содан соң аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов та ізгі лебізін білдірді. Мерекелік күнге орай ұйымдастырылған ретро кеште тілек білдіріп, құттықтау сөз сөйлеген адамдар көп болды. Олардың қатарында әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Досымжан Таңатаров та бар. Жерлесіміздің видео құттықтауы лед экраннан көрсетілді.Одан кейін лед экраннан аудандық орталық кітапхананың оқырмандары, айтыскер ақын Мұқағали Балтабаев, Сандуғаш Рысбек, Айнұр Нұрбек, Асылбек Утемуратовтың видео құттықтаулары да көрсетілді. Мерекелік іс-шарада аудандық кітапхана қызметкерлері әндер айтып, мәнерлеп өлең оқыды. Ретро кеш соңы аудандық кітапхана қызметкерлерінің орындауындағы «Біздің ұжым» әнімен қорытындыланды.
Марат Диханбай.