Құқықтық тәртіп

65 Views

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2024 жылдың 18 қазандағы шығыс №1-5-5-4-62/5520-И реттік санды нұсқауына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы аумағында ағымдағы жылдың 21-і мен 23-ші қазан аралығында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу. Сонымен қатар ІІО-ның профилактикалық және тізімдік есептерінде тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыстарды кү­шейту, сол сияқты жол қозғалыс ере­желерін сақтау бойынша жол қауіп­сіздігін қамтамасыз ету. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың құжатсыз көлік құралын басқаруы, түнгі мезгілде ойын-сауық орындарда жүруі және түнгі мезгілде көшеде заңды өкілінсіз жүру деректерін анықтауда, одан бөлек белгіленген уақыттан тыс дүкендердің және т.б сауда орындарының спирттік өнімдерін заңсыз сату, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда адам­ның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген тұлғаларды анықтау, ортақ пайдаланатын орындарды ластауға жол бермеу және шара қолдану. ІІО-на тіркелмеген заңсыз атыс қаруларын анықтауда рейдтік іс-шаралар ұйым­дастыру.
Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалуы мүм­кін орындарда, сондай-ақ, азамат­тардың жаппай шоғырлану орын­дарында, оларға патрульдік кешен­ді күштерінің патрульдік жасақ­шаларының бағыттарын жақын­дата отырып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бақылау күшейтілді. Тыйым салынған заттарды (есірткі құралдарын, атыс қаруын, жарылғыш заттарды және т. б.) заңсыз сақтау немесе тасымалдайтын адамдарды анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Қылмыстардың ізін суытпай, бұрын жасалған қылмыстарды ашу және оларды анықтауға бағытталған басқа да шараларды қабылдау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданды. Жол қозғалысына қатысушыларға қадағалауды күшейту бойынша шаралар қабылданды.
Саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді, оның ішінде азаматтарды еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау мақсатында да жұмыстар жүргізілді.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: