Мерекелік құттықтау

62 Views

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Егеменді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күні құтты болсын!
Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойғы үкілі үміті үстем болып, еліміздің еркін дамуына айқара жол ашылған қастерлі мереке.
Барлықтарыңыз білетіндей, 1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданып, Қазақстан әлемдік тарих бетінде Тәуелсіз ел ретіндегі жаңа парақтарын бастады.
Аталмыш мерекелі дата ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ұлттық мерекелер қатарына қайта қосылып, бүгінде мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символына айналып отыр.
Сарабдал саясат пен нәтижелі жоспардың арқасында ел экономикасы қарыштап дамып, тұрғындардың әл-ауқаты артуда.
Осы жылдар ішінде 70 мыңға жуық тұрғыны бар өлкемізде әлеуметтік инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік салаларында ілгерілеушіліктер орын алып, тұрғындарымыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған ауқымды шаралар іске асырылды.
Соңғы жылдың өзінде аудан тұрғындарының ауызбіршілігі мен жасампаз еңбектерінің арқасында әлеуметтік маңызы үлкен 80-ге жуық жобалар жүзеге асып отыр.
Солардың қатарында ауданның ауыл шаруашылығының өркендеуі, суармалы егістік алқаптарының кеңеюі, елді мекендерді ауыз сумен қамту, қоғамдық көлік желісін дамыту, тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету, мұқтаж азаматтардың баспанаға қол жеткізуі, сондай-ақ, жаңа медицина, спорт, білім және мәдениет нысандарының салынуы да осы игі істердің нақты көрінісі болып табылады.
Ардақты ағайын!
Бұл жетістіктердің барлығы ең алдымен – Егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуі мен бірлігі жарасқан халқымыздың қажырлы еңбегінің жемісі екендігі анық. Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан әрбір азаматтың еңбегі зор.
Сіздерді бүгінгі тарихи мәні зор Республика күнімен құттықтай отырып, ауданымыздың дамуына үлес қосып келе жатқан барлық азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз.
Елдік мақсат-мұрат жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті, қызметтеріңіз табысты болсын! Жылдан-жылға басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, бейбітшілік пен ұлттық бірлігіміз нығая берсін! Мереке құтты болсын, ағайын!

Аудан әкімі Е.Есіркепов. Аудандық мәслихат
төрағасы Е.Әбутәліпов.

Поделиться ссылкой: