Терроризм – адамзатқа төнген қауіп

69 Views

Терроризм – татулық пен бейбітшілікті негіз еткен мемлекетті күйретуге ықпал ететін бірден-бір жаһандық мәселе. Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм адамзатқа төнетін шынайы қауіпке айналды.
Қазақстан Республикасының Заңын­дағы түсіндірілім бойынша терро­ризм – күш қолдану идео­логиясы арқылы халықты үрейлендіріп, жеке адамға, қоғам мен мемлекетке күш қолдану. Өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау немесе жасаймын деп үрейлендіру арқылы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету тәжірибесі.
Ал, терроризм актісіне айтар­лықтай мүліктік залал келтіру, адам­дардың өміріне қауіп төндіру немесе қоғамға қауіпті өзге де іс-әрекеттер арқылы жарылыс жасау, өрт қою және өзге де қауіпті іс-әрекеттер жатады.
«Террор» сөзінің мағынасы латын тілінен аударғанда – «үрей, қорқы­ныш» деген мағынаны білдіреді.
Экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодек­сінде қарастырылған. Соның ішінде терроризм актісін жасау, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, экстремистік немесе террористік әрекетті қаржыландыру және терроризмге, экстремизмге дем берушілік, террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау, қаруландыру, террористік немесе экстремистік даярлықтан өту үшін қылмыстық жауаптылықтар заңмен қарастырылған.

М.Маратбек,
Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы.

Поделиться ссылкой: