Асқақтай бер – айбынды Қазақстан

87 Views

Кеше Республика күніне орай аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Асқақтай бер – айбынды Қазақстан» деген тақырыпта салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Ернар Есіркепов құттықтау сөз сөйлеп, залда отырған жұртшылықты Республика күнімен құттықтады. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы Республика күнінің күнтізбелік даталардың ішінде айрықша маңызға ие ұлттық мереке екенін тілге тиек етті. Содан соң аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов те сөз сөйлеп, ізгі лебізін білдірді.

Шыны керек, осы мерекеге идеологияға жауапты басшылар мен қызметкерлер жақсы дайындалған екен. Салтанатты жиынға аға буыннан да, орта буыннан да, жас буыннан да адамдар қатысып, зал лық толып отырды. Құттықтау сөздерден кейін бірқатар азаматтар мен азаматшаларға марапаттар табыс етілді. Атап айтсақ, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен Омарбеков Ұланбек Сағындықұлы, Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет» грамотасымен Қауымбаев Нұрлан Тоқабайұлы, Таштанов Нұрлан Ақылжанұлы, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің «Құрмет» грамотасымен Әбілдаев Әділбек Асылқадырұлы, Боранбаева Қарлығаш Нұрланқызы, аудан әкімінің алғыс хатымен Аманқұлов Гагарин Ыбырайымұлы, Молдақұлова Сағымкүл Досмаханқызы, Құлмаханбетов Шыңболат Серікұлы, Маханбетова Гүлмира Сырғатайқызы, аудандық мәслихаттың «Құрмет» грамотасымен Дайрабаева Шолпан Еркетайқызы, Халықова Мейрамкүл Абжапарқызы марапатталды. Сондай-ақ, осы салтанатты шарада «Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы» атағы да берілді. Бұл жолы осы атаққа Әбілқасым Қайынбердиев, Өмірзақ Райқұлов, Абдықадыр Оңалбеков, Рахматілда Рахманбердиев, Гүлсара Нұрмағамбетова, Мырзабек Манғұтов және Бейбіт Шошабаев ие болды. Салтанатты іс-шара Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің көркемөнарпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: