Жұртты жарылқаған жәрмеңке
25 қазан – Республика күніне орай, аудан орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге әр ауылдық округтерден келген кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының өнімдері қойылып, картоп, пияз, сәбіз, макарон, қырыққабат, ұн және күнбағыс майын тұрғындар базар бағасынан төмен мөлшермен белгіленген бағада сатып алып жатты. Тұрғындардың басым көпшілігі осындай ауылшаруашылық жәрмеңкелері жиі ұйымдастырылып тұрса, жергілікті халық оған шын пейілмен қуанатынын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Марат Жолдасбекұлы.
