Тәуелсіздігім – тұғырым!
Дәл осындай тақырыпта Республика күніне орай Луговой ауылдық мәдениет үйі мен Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі бірлесіп, мерекелік кеш ұйымдастырды.
Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, Луговой ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Әбіловтың құттықтауымен жалғасты.
Концерт барысында ауылымыздың көркемөнерпаздары патриоттық әндер орындап, «Шабыт», «Сымбат» би үйірмелері «Құстар», «Ковбой», «Париждегі қолшатырлар» билерін билеп, көрермендерді тәнті етті.
Концерт бағдарламасы жан-жақты әрі мазмұнды болды. Кеш соңында Абылай Асқаров «Жаса қазағым» әнін орындап, мерекелік кешке патриоттық рух берді.
«Құлан таңы» ақпарат.
