Азат елдің абыройы да асқақ

115 Views

Республика күні – Қазақ елінің ұлттық мерекесі. Осынау ұлық мереке шапса тұлпардың тұяғы, ұшса құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр жері бар, әскері қуатты, халқының бірлігі мен ауызбіршілігі жарасқан қарға тамырлы Қазақ елінде ерекше тойланды. Республика күнін Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары да айрықша атап өтті. Мәселен, 25 қазан күні аудан әкімінің орынбасарлары Ерғазы Еспенов, Бауыржан Есеев, аудан әкімі аппаратының басшысы Жансұлтан Қалиев бастаған жергілікті атқарушы биліктің басшылық құрамы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ, ардагерлер, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мен ерікті жастар ауданның орталық алаңында сап түзеп, Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқады. Айта кетейік, осы сәтте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтеріліп, Әнұранды 100-ден астам адам бір мезетте айтты.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: