Медициналық тексеруден өтудің маңызы

49 Views

Медициналық тексерістен өту арқылы аурудың алдын алуға болады. Медициналық тексеріс құқықтық тұрғыдан да міндетті болып табылады. Бұл анықтамасыз оқуға да, жұмысқа да қабылдамайды. Кей жағдайларда шет елге баруға да тыйым салынады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, азаматтар медициналық тексерістен өтуге міндетті. Медициналық тексеріс – бұл аурулардың, соның ішінде кәсіби аурулардың таралуын, улануларды, бақытсыз жағдайларды анықтауға және ескертуге, сондай-ақ, қандай да бір шаруашылық және (немесе) бағытталған уақтылы медициналық қарау.
Медициналық тексерістер міндетті және профилактикалық болады. Міндетті медициналық тексерістер төмендегідей түрлерге бөлінеді:
– алдын-ала міндетті медициналық тексерістер мамандығы немесе оқуы бойынша міндеттерді орындауға жарамдылықты анықтау мақсатымен жұмысқа немесе оқуға түсуге, сондай-ақ, кәсіби және инфекциялық, паразитарлық ауруларды ескерту үшін жүргізіледі;
– мерзімді міндетті медициналық тексерістер жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету. Аурулардың бастапқы белгілерін, кәсіби және инфекциялық, паразитарлық аурулардың таралмауын уақтылы анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Өндіріс және шаруашылық қызметі саласындағы жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзімді медициналық тексерістен өтпеген, денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермеуі тиіс.
Міндетті мерзімді медициналық тексерістерді өткізу мерзімділігі:
– жыл сайынғы медициналық тексеріс – жылына 1 рет;
– ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымының алдында 1 сағат және 30 минут бұрын.
Медициналық анықтамалар формасы адамның жасына және еңбек қызметіне байланысты әр түрлі болады. Әр балаға балабақшаға немесе мектепке барарда тіркелген емханасында 026/у-3 формалы анықтама ресімделеді (басқаша айтқанда «Баланың денсаулық паспорты»). Балабақша немесе мектептің медициналық қызметкері жүйелі түрде осы кітапшаны жүргізіп, толтырады. Басқа ұйымға ауысқанда баланың денсаулық паспорты жеке іспен бірге беріледі.
17 жастан кейін кез келген оқу орнына (жоғары, орта-арнайы) түскенде немесе жұмысқа тұратын кезде, сондай-ақ, диспансеризациядан өткенде 086 формалы анықтама беріледі. Бұл адамның осы мамандық бойынша жұмыс істеуге немесе аталмыш оқу орнында оқуға жарамдылығы туралы дәрігер мамандардың қорытындысы. Анықтама талапкерлерге, жоғары оқу орындарына, колледждерге, орта оқу орындарына, кәсіби-техникалық, техникалық училищеге түсетіндерге және жұмысқа тұратындарға толтырылады.
086 формалы анықтаманы алғанда міндетті түрде терапевт, хирург, невропатолог, оториноларинголог, гинеколог және басқа мамандардан, рентгенологиялық тексеруден, сондай-ақ, зертханалық зерттеулердің мәліметтерін және сақтандыру екпелерін ұсынуы тиіс.
082 формалы медициналық анықтама – бұл шетелге шығушының анықтамасы. Шетелге жол тартқан адамның шетелге сапарды жүзеге асыруы үшін медициналық қарама-қарсылықтары жоқтығының дәлелі. Осы анықтама Шенген аймағына виза алу үшін және медициналық сақтандыруды рәсімдеу үшін керек құжаттардың бірі болып табылады.
083/у формалы медициналық анықтама көлікті басқару куәлігін алуда беріледі. Сондай-ақ тар шеңберлі мамандандыру дәрігерлерін және нарколог пен психиатрдан тексерістен өту керек.
Жұмысқа орналасқаннан кейін қызметкерде профилактикалық медициналық тексерістерден жыл сайын өту қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда баланың денсаулық паспортына балама жеке медициналық кітапша бар. Бұл кітапшада иесінің жеке мәліметтері, тұрғылықты жері, жұмыс орны көрсетіледі және фотосуреті жапсырылады.
Ересектерге және балаларға арналған медициналық тексерістер халықтың мақсатты топтарын профилактикалық медициналық тексеру – бұл ауруларды бастапқы кезеңде анықтауға және аурулардың туындауына жағдай жасайтын аурулардың, қауіп факторларының дамуын ескертуге, халықтың денсаулығын қалыптастыруға және нығайтуға жағдай жасайтын скринингтік тексерулер.
Скринингтік тексерулер кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында жүргізіледі.
Ересек халықтың скринингтік тексерулері төмендегілерді ерте анықтауға және ескертуге бағытталған:
– қан айналымы жүйелерінің негізгі аурулары – артериалды гипертония, жүректің ишемиялық аурулары;
– ерлер және әйелдер арасындағы қант диабеті;
– әйелдер арасындағы жатыр мойнының ісікті, қатерлі ауруларының пайда болуы;
– әйелдер арасындағы сүт бездерінің ісікті, қатерлі аурулары;
– ерлер және әйелдер арасындағы су қараңғылық;
– ерлер және әйелдер арасындағы тік және аш ішектегі ісікті, қатерлі пайда болулар.
Балаларға скринингтік тексеру аурулардың профилактикасын ерте анықтауға және ауруларды ескертуге мүмкіндік береді. Олардың дамуы өмірдің әр түрлі кезеңдеріндегі, соның ішінде жасөспірім кезеңде анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты ауруларды ерте анықтауға және ескертуге, алдын алуға бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды, оқушыларды және орта арнайы, жоғары оқу орындарындағы 18 жасқа дейінгі балаларды скринингтік тексерулерден өткізу емхана мамандарымен балабақшаларда және мектептерде жүргізіледі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға скринингтік тексерулер тіркелу орны бойынша емханаларда жүргізіледі.
Балалар үйінде, мектеп-интернаттарда, мамандандырылған интернаттарда, жасөспірімдер үйінде болатын балалар скринигтік тексерулерден жылына екі рет өтеді.
Үштен төрт айға дейінгі жастағы балаларға көрсеткіштер бойынша жамбас буындарына және туа біткен ұршық шығу дисплазиясын ерте анықтау мақсатымен ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі. Скринигтік тексерулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар адамдар немесе жекелеген асқынған аурулармен ауыратын адамдар диспансерлік есепке, соңыра сауықтырумен диспансерлік есепке алуға, денсаулықты нығайтуға және қалпына келтіруге бағытталған әлеуметтік, дене шынықтыру, сауықтыру іс-шараларының кешенін жүргізумен динамикалық қадағалауға жатады.
С.Ускенбаев,
аудандық санитариялық- эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы,
мемлекеттік санитариялық бас дәрігері.
А.Бейсебаева, эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: