Қызылша алқаптарын аралады

38 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов Жаңатұрмыс ауылдық округіне барып, аймақтағы ауыл шаруашылығы саласының жай-күйін бақылап қайтты. Сапар барысында «Дархан», «Баян и К» және «Шанс-М» секілді ірі шаруашылықтардың қызылша алқаптарын аралап, 35 гектар алқапқа тәтті түбір еккен дихандардың жұмысымен жақын танысты.

Биыл бұл шаруа қожалықтар су үнемдеу технологияларын қолданып, мол өнімге қол жеткізіп отыр. Алайда, дихандар бұл әдіс ауыл шаруашылығындағы су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға септігін тигізгенімен, ауыл шаруашылығы техникаларының жетіспеушілігі ілкімді істерге білек сыбана кірісуге мүмкіндік бермей отырғанын айтты.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов жаңа технологияларды енгізіп, экологиялық жауапкершілікті ескерген дихандардың еңбегіне өз ризашылығын білдіре отырып, олардың техникалық қажеттіліктерін шешу жолдарын міндетті түрде қарастыратынын және бұл бағытта тиісті қолдау тетіктері бар екенін түсіндіріп берді.
Сапар соңында аудан әкімі ауыл мектебіне барып, ондағы жылу жүйесіне қатысты жұмыстарды тексеріп, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: