Қарға тамырлы Қазақ

61 Views

«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген бабаларымыздан қалған сөздің астары сұмдық енді. Кейде бұны өзге емес, «қазақтан басқа кім айта алсын» деген ой келеді мына шақша басқа. Өйткені қарға тамырлы қазақтай қиыншылық көрген ұлт жоқ шығар сірә жер бетінде.
Мысалды алыстан іздемей-ақ қоялық. Мәселен, ашаршылық жылдары. Ұлт басына төнген қасіретті нәубеттен қазақ халқының саны мыңдап емес, миллиондап қырылды. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген желеумен қазақты қынадай қырғысы келген көкезу көкелердің көздегені болмады. Құдайдың бізге жасаған қамқорлығын қараңызшы. Біз бұдан да аман шықтық.
Бір ғасыр бұрын Ахмет Байтұрсынұлы «әлһәмдулилла 6 миллион қазақпыз» деп еді. Біз әрине демограф емеспіз. Әйтеуір осы сөзді оқыған сайын жүрек толқиды. Қолдан жасалған ашаршылық болмағанда қазақтың саны бүгінде кемі 45 миллион болар ма еді… Мен мына нәрсеге таң қаламын. Бабаларымыз нендей жағдайды бастан өткерсе де, олардың ешуақытта сағы сынған жоқ. Ал біз қайтер екенбіз?..

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: