Олардың көздеген мақсаты – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту

49 Views

1993 жылдың 15 қарашасы төл валютамыздың туған күні және қаржыгерлер күні болып белгіленді. Ең алғаш рет Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін қолданысқа енгізді. Оның авторлары суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов және Хайролла Ғабжалиловтар болатын. Сөйтіп теңгеміз Англияда басылып шықты. 1993 жылдың 15 қарашасында ол Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы болып, айналымға енді. Ауданның экономика және қаржы саласы аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бақытжанұлының басқаруымен өрісті дамып келеді. Сондай-ақ, бұл салаға аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сапарбекова Ләззат Тәліпбекқызы, аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Жапарқұлов Тойшығұл Қадырбекұлы қомақты үлестерін қосуда.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан сан түрлі бағдарламалар іске асырылуда. Олардың басым көпшілігі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, табыс мөлшерін арттыруға бағытталған. Атап айтар болсақ, олардың қатарына «Ауыл – ел бесігі», «Дипломмен – ауылға» сияқты бағдарламалар жатады. Осы бағдарламаларды аудан көлемінде жүзеге асыру аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің еншісіне тиген.
Бүгінде аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін Сапарбекова Ләззат Тәліпбекқызы басқарса, сектор меңгеруші қызметін Элмар Оңалбеков абыроймен атқарып жүр. Сонымен қатар мұнда Ұлжан Қыдырова, Балмира Амирова, Айдана Дүйсет сынды жоғары білімді қызметкерлер бас маман ретінде еңбек етуде. Бөлімнің бүгінгі тыныс-тіршілігін аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ләззат Тәліпбекқызынан сұрап білдік. «Ұжымдағы адам саны аз болса да, жұмысты көпсінбейміз. Керісінше, біріге, бірлесе жұмыс істегенді ұнатамыз. Біздің бөлім негізінен аудан экономикасын саралау, мемлекеттік бағдарламалар мен облыс және аудан әкімі арасындағы келісілген индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын қадағалаумен айналысады» деді бөлім басшысы.
Иә, шынымен де осы мақаланы жазу барысында бөлім қызметкерлерінің ынтымақ пен бірлікті уысынан шығармай ұстап отырғанын байқадық. Өйткені олар қаржы үнемдеуді басты көрсеткіш деп санайды. Сол себепті де бір үйдің баласындай болған бөлім қызметкерлеріне ауқымды жобаларды іске асыру барысында тек сәттілік тіледік. 

Аудан әкімдігінің құрамында көптеген бөлімдер бар. Бүгінгі таңда олар ауданымыздың экономикалық әрі әлеуметтік дамуына үлкен үлестерін қосуда. Өздеріне жүктелген міндеттер мен функцияларды Тойшығұл Жапарқұлов басқаратын аудан әкімдігі қаржы бөлімінің қызметкерлері де толғымен орындап, аянбай еңбек етіп келеді.
1938 жылы құрылған бөлімнің тарихы өте тереңде жатыр. Бұл бөлім қызметкерлерінің негізгі жұмысы аудан бюджетінің кіріс көздері мен бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуын қадағалау, сонымен қатар, коммуналдық меншіктің есебін жүргізу және аудандық орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Ауданның есеп-қисабын толықтай өз бақылауына алған бөлімде білімді де, білікті мамандар қызмет етеді. Атап айтар болсақ, бұл бөлімді жауапкершілігі зор азамат Тойшығұл Жапарқұлов басқарып отыр. Одан бөлек, бұл бөлімде сектор меңгеруші Нұрсұлу Сейсеу, бас маман Талант Таңат, статист маман Динара Медерова сынды еңбекқор жандар қызмет атқарып жүр. Ауызбіршілік пен табандылықтың арқасында берілген жұмысты бірге еңсеруге тырысатын бөлім қызметкерлеріне толағай табыс тілейміз.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: