Құқықтық тәртіп
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2024 жылдың 15 қарашадағы шығыс №1-5-5-4-60/6090-И реттік санды нұсқауына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы аумағында ағымдағы жылдың 23-і мен 25-ші қарашасында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу, сонымен қатар ІІО-ның профилактикалық және тізімдік есептерінде тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыстарды күшейту, сол сияқты жол қозғалыс ережелерін сақтау бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құжатсыз көлік құралын басқаруы, түнгі мезгілде ойын-сауық орындарда жүруі және түнгі мезгілде көшеде заңды өкілінсіз жүру деректерін анықтауда, одан бөлек белгіленген уақыттан тыс дүкендердің және т.б сауда орындарының спирттік өнімдерін заңсыз сату, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген тұлғаларды анықтау. Сонымен қатар ортақ пайдаланатын орындарды ластауға жол бермеу және шара қолдану, ІІО-на тіркелмеген заңсыз атыс қаруларын анықтауда рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады.
Аудандық полиция бөлімі.