10 айда автокөлікте 1954 өрт оқиғасы тіркелді

32 Views

2024 жылғы 10 айлық статистикалық мәліметке сәйкес, еліміз бойынша автокөлікте 1 954 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттердің 75 пайызы жеңіл автокөліктер арасында орын алған. Атап өтетін болсақ, жеңіл автокөліктерде – 1 465 өрт, жүк автокөлігінде – 344, автобуста – 38, троллейбуста – 1. Одан бөлек, ауыл шаруашылық техникалары, теміржол көлігі және басқа да көліктер арасында өрт оқиғалары орын алуда. Барлығы 106 өрт оқиғасы тіркелген. Тіркелген өрттердің басым бөлігінің себептері электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болған. Автокөліктердің пайдалану тиімділігін арттыру оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Автокөліктерде болған өрттердің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен техникалардың істен шығуына әкеліп соғады. Сондықтан автокөліктердің өрт қауіпсіздік жағдайын арттыру мақсатында оларды алғашқы өрт сөндіру кұралдарымен жабдықтау қажет.
Көліктерді апаттардан және өрттерден сақтау мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтағандарыңыз жөн:
– автокөліктердің механизмдері мен тораптардың дұрыс істеуін қадағалаңыз;
– аккумуляторларды тура көлік құралдарына, сондай-ақ, осы мақсатқа икемделген үй-жайларда қуаттауға тыйым салынады;
– гараж бөлмесін жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары) сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар;
– гараж бөлмесінде жанатын материалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыздар;
– гараж бөлмесінде темекі шекпеңіздер;
– егер де автокөліктердің тетіктерінің ақаулары байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек.
ҚОЗҒАЛЫС КЕЗІНДЕ АВТОКӨЛІК ЖАНҒАН КЕЗДЕ, КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСТЕУ ҚАЖЕТ:
– автокөлікті тоқтатыныз;
– қозғалтқышты өшіріңіз;
–барлық жолаушыларды шығарыңыз;
– егер от кішігірім болса, автокөліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып, отты сөндіруге тырысыңыз;
– капоттың құлпын босатыңыз, бірақ капотты ашпаңыз;
– қозғалтқыш бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде суды қолданбаңыз. Себебі бұл электр сымдардың қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына жол беріп, жану көлемін ұлғайтуы мүмкін;
– егер жақын жерде автокөлік жана бастаса мүмкіндігінше өзіңіздің көлігіңізді қауіпсіз жерге апарыңыз.
– «101» немесе «112» телефон нөмірлері арқылы өртке қарсы қызметін шақырыңыз.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой: