2 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ БЕРІЛДІ

21 Views

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлініп, түрлі бастамалар жүзеге асырылуда. Соның айқын дәлелі ретінде аудан­дық аурухана­ның медици­нал­ық қызмет сапасын жақсарту мақ­сатында тағы екі жедел жәр­­дем көлігімен толық­тырылғанын атап өту­ге бола­­ды.
Бұл қадам халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің қол­­жетім­ділігін арттырып, аудан орталығынан шалғай орналасқан ауыл тұрғын­дарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы Айнұр Айсұлтанованың айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, ауыл­дағы медициналық жағдайды жақсартуға жіті көңіл аударылуда. Жыл басында да аудандық орталық ауруханаға
2 автокөлік берілген болатын. Ол жедел жәрдем автокөліктерінің бірі Қорағаты ауылы­на берілсе, екіншісі аудандық ауруханадан облысқа науқастарды тасымалдап жүр. Осы берілген екі жедел жәрдем автокөлігін аудан орталығынан шалғай жатқан Д.Қонаев және Қайыңды ауылдарына беру жоспарланып отыр екен. Айта кетейік, аудандық аурухана жыл соңына дейін тағы да бір автокөлікпен толығатын болады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий