Полиция ардагерлерінің көздегені – тұрақтылық пен тыныштық

34 Views

10 қараша – Ішкі іс­тер министрлі­гінің ардагерлер күні. Жақында осыған орай Тұрар Рысқұлов ауданы полиция бөлі­мі ардагерлерінің ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Оған Сембек Қиялбеков, Есен Бекенов, Бекетай Орманбеков, Каменке Наметқұлов, Нихматулла Исаев, Даулет Сағыбаев, Бақытжан Садырбаев, Жеңіс Шілдебаев және аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Алмаз Шалғынбаев қатысып, «Бейбіт күннің батырларының ерлігі мен IIО-ның ардагерлерінің есімі ешқашан ұмытылмайды» атты еске алу монументіне гүл шоғын қойып, тағзым етті.
Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақ­тап, беріктікті нығайту мақ­сатын­да құрыл­ған қазақстандық полиция қыз­меті бұл күндері тәуел­сіз­дігіміздің қастер­лі міндеттеріне көлеңке түсір­мей, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Біздің полиция әрқашан өз халқына адал және жақын болуы қажет. Бүгінгі күні қазақстандық полиция қызметкерлері ардагерлерін ұлықтай отырып, антына адал қызмет етіп, жас мамандарды тәрбиелеуде әлі де аянбай қызмет жасап жүрген аға буын әріптестеріміз – ардагерлерімізге алғысымыз шексіз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке тілейміз.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий