Айналамызға әрдайым мейірім сыйлайық!

23 Views

Жақында Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Қанат Керімбевтың бастамасымен «Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-сінде «Айналаңа мейірім шаш» деген тақырыпта іс-шара өтті. Жалпы, Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері қандай іс-шара өткізсе де, оны жауапкершілікпен түсініп, тиянақты ұйымдастырады. Осы жолы да солай болды. Іс-шарада Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Қайрат Сәменқұлов композитор әрі әнші Марат Омаровтың «Анашым», Шымберген Сүлейменовтің «Ауылым», Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Ержан Қонысбек «Менің әкем ең жақсы адам», «Таң сыры» әндерін орындаса, Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінің «Томирис» би үйірмесінің биші қыздары «Келші, келші құдаша» биін билеп, қошеметке кенелді. Қарақыстақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Тынышкүл Ақылбаева «Мен қазақ» өлеңін мәнерлеп оқыды. Шара соңында аталмыш орталықтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінің ұжымы қызметкерлері атынан тәтті тағамдар, ал, Каменка ауылындағы «Бәйдібек баба» мешітінің бас имамы Қайсар Сұлтанов мекеме ұжымына кілем мен кітап сыйға берді.

Азиза Исаева,
Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінің мәдени іс-шара ұйымдастырушысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий