Аппараттық кеңесте зерделеу жұмыстарының нәтижесі талқыланды

24 Views

Соңғы аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің тапсырмасына сәйкес, аудандағы он бес ауылдық округтің жылыту жүйесі, көше тазалығы бағытындағы жұмыстары зерделенген. Зерделеу жұмыстарының нәтижесі, ондағы кезіккен кемшіліктер жайында өткен аптада аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан басшысы Ернар Серікәліұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте толыққанды айтылды. Сала басшылары мен ауыл әкімдерінен жауаптар алынып, кемшін кеткен тұстарды реттеуге уақыт берілді. Сондай-ақ, жиында қаржының игерілуі жан-жақты талқыланып, өзге де мәселелер қаралды. Әсіресе, аудан әкімі қант қызылшасын жинауға қолдау көрсету, «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты түрде жүргізу, әскерге шақыру науқанын жоспарға сәйкес орындау, жұмыспен қамту және «Ауыл аманаты» жобасы бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге үлкен мән беру керектігін атап өтті.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий