59 Views
Жыл басынан бері заңсыз темекі сатқан 6 дүкенге айыппұл салынып, 8480 дана темекі тәркіленді. Ауданда ресми тіркелген 4776 жеке кәсіпкер, 1471 шаруа қожалығы бар. 2024 жылдың 11 айында мал ұрлығы бойынша 14 қылмыс тіркелді. Басты себеп – малдың қараусыз қалуы. Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтың төрағалығымен облыс әкімі аппаратының Терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы Бақытжан Саданов пен құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтіп, аталған мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, комиссияда бұрын сотты болған азаматтарды оңалту және әлеуметтік-құқықтық қолдау шаралары қаралды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Поделиться ссылкой: