Бала тәрбиелеу ісі – балабақшадан басталады

186 Views

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялык тәрбие берудің маңызы» деген тақырыпта аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Ботагөз Бакеева және ауданымыздың мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешілері қатысты.

Семинарда «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының әдіскері Ж.Қабылбекова «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында презентация жасады. Психолог Д.Жармуханбетова «Орамалмен шаш өру» тренингін өткізді. «Балдәурен» ересек тобының тәрбиешісі Ш.Құдайбер­генова «Саябаққа саяхат» және «Балапан» педагогикалық психологиялық қолдауды қажет ететін ересек тобының тәрбиешісі Г.Жумагулова, логопед маманы Г.Азимбекова «Табиғатты аялаймыз!» тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізді. Экологиялық бұрышында логопед маманы А. Спан тәжірбиелік эксперимент көрсетті.
Семинар концерттік бағдарламаға ұласып, онда «Әжелер мектебінің» әжелері мен аналары және «Балдәурен» ересек тобының тәрбиеленушілері Кәусар Әділбек, Раяна Меркібек, Мөлдір Бағланқызы, Медина Бақытбек, Нұрсая Теміралы, Асылай Досмұрат өнерлерін көрсетті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ботагөз Болатқызы «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Гүлмира Идатқызына және ұжымға алғысын білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім беру саласына айрықша көңіл бөліп келеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында бала тәрбиелеу ісіне ерекше ден қойылып отыр. Семинар соңында әжелеріміз И.Акилова, З.Исабекова, К.Дидарбекова, кіші қызметкерлер Ж.Токтыбаева, Ж.Шан­гитова, А.Көшенова балабақша бүлдір­шін­дерінің өнерлеріне ризашы­лығын білдірді.

Жадыра Оспанова,
«Балбөбек» бөбекжай-бақшасының шығармашылық
тобының жетекшісі.

Поделиться ссылкой: