Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол «ЖОҚ» деңіз!

221 Views

Елімізде жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер саны артып келеді. Мұндай келеңсіз жағдайларға қоғамның әлсіз топтары әйелдер мен балалар, қарттар ұшырайды.

Көп жағдайда зиянды әдеттердің алькоголь, есірткі тұтыну, шылым шегу келеңсіз салдарынан әкеп соқтырған теріс нәтижелер әсер етеді. Сыйламаушылық танытып, күш көрсету зорлық-зомбылығымен қатар психологиялық жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде отбасы мүшелерінің тыныштығын бұзатын ер азаматтар екендігі белгілі. Заңның басым бағыттарының бірі отбасын қолдау және сақтау болғандықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған әрбір адам заң аясында қорғауда болады. Сол себепті де отбасында орын алатын зорлық-зомбылыққа төзіп отыра бермей, уақтылы құқық қорғау органдарына хабарласып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ деңіз!!!
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы «Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке тап болған адамдарға, қатыгездік пен зорлық-зомбылық қаупі салдарынан өмірлік қиын жағдайда» деп танылған әйелдер мен балаларына психологиялық бейімдеу сатысынан өткізу мақсатында көмектер көрсетілетіндігін хабарлайды.
Біздің мақсатымыз – қатігездік пен тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген, аудан көлеміндегі және елді мекендердегі аналар мен балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсете отырып, қолдау және кеңес беру. Ажырасу сатысындағы жанұяны қоғаммен отбасына әлеуметтендіріп қайта қосуға ықпалдастыру, баланы жетім қалдырмау, ананы қаңғыртпау. Кабинетке келіп кеңес алған жанұя­ның отбасылық мәселесі толық құпия сақталады. Егер Қазақстан Респуб­ликасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленбесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының қата­рынан жеке тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, оның ішінде, түрлі себептерге байланысты жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетел­діктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет түрлері көрсетіледі.
Кабинеттің мекен жайы: Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №64 (Мансап орталығы ғима­раты 3 қабат) әлеуметтік және психологиялық кеңес беру кабинеті. Қабылдау күні мен уақыты дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00 ден 18:00 ге дейін.
Біздің сенім телефондарымыз 87473702776, 87478773592.

Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының Т.Рысқұлов аудандық кеңес беру кабинеті мамандары.

Поделиться ссылкой: