Аудандық полиция бөлімі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

82 Views

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балалардың көпшілігі, сондай-ақ, ересектер пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан жарақат алады. Осыған байланысты аудан аумағында 2024 жылдың 5 желтоқсаны мен 2025 жылдың 3 қаңтары аралығында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты – пиротехникалық бұйым­дарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және әкелу ережелері, сондай-ақ, сертификатталмаған пиротех­никалық өнімдерді айналымнан алу туралы профилактикалық жұмыс жүр­гізу болып табылады.
Пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері туралы:
– пиротехниканы күмәнді сату­шы­­лардан сатып алмаңыз (көше сөреле­рі­нен, өткелдерден);
– балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз;
– қаптамадағы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;
– пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта болыңыз;
– ешқандай жағдайда жабық үй-жайда пиротехниканы пайдаланбаңыз;
– көрермендер нақты пиротехни­калық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 м қашықтықта болуы тиіс;
– білтені созылған қол қашықты­ғында тұтату керек;
– жұмыс істеп тұрған пиротех­никалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады.
Тіпті таныс және қарапайым пиро­тех­никалық өнімнің өзіндік ерекше­ліктері болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: