ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
13 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
Кітап – рухани қазына, баға жетпес құндылық. Олай болса, құндылыққа жақын болу, оған сүйіспеншілік таныту, кітапты тұрақты серік ету – адами қасиеттің бір қырына айналғаны абзал.
Осы орайда, өткен сәрсенбіде Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде бастау алған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мен оқыған бір кітап» атты мектепішілік байқауы өтті.
Шараға аудандық аналар кеңесінің мүшелері Есенкүл Мұхтарқызы мен Клара Рәпілбекқызы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Мереке Айнақұлов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлмира Абдиева және Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Гүлзат Төребекқызы арнайы қонақ ретінде қатысып, қазылық етті.
Ұстаздар арасында кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауда қатысушылар қазіргі заманауи технологияларды қолдана отырып, өздері таңдаған кітаптың қызықты, мағыналы түйінін барынша ашуға тырысты.
Жарыс нәтижесін қорытындылай келе әділқазылардың шешімі бойынша бас жүлдеге Р.Дж.Палацционың «Wonder» кітабының қысқаша мазмұнын көрерменге барынша тиянақты түрде жеткізе білген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсия Қасым лайықты деп танылды.
Ақжарқын Мұратбекқызы.