Кезекті аппараттық кеңес өтті
52 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
Дәл осындай тақырыпта аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Д.Қонаев ауылындағы №5 шағын орталықты орта мектебінің акт залында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – баланы дұрыс тәрбиелеу және тәрбиелеудегі қателіктерді түзеу жолдарын анықтау, сондай-ақ, баланың психологиялық дұрыс және үйлесімді дамуы үшін жағымды, қолайлы жағдай жасау. Шараға аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова, аудандық аналар кеңесінің мүшелері Ғалия Өтеулиева, Есенкүл Мұхтарова, Ұлту Жайлышева, Шәкизада Егембердиева және аудандық аналар кеңесінің мүшесі әрі осы ауылдағы кураторы Роза Мамырбаева қатысты.
Іс-шараның шымылдығын Ақниет ауылдық округінің әкімі Нұрдос Тұрабаев сөз сөйлеп, ашып берді. Іс-шара барысында «Шашу» тобы би билесе, №5 шағын орталықты орта мектебінің мұғалімі Раушан Оразбекқызы ортада жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында шараға қатысқан ауыл тұрғындары мен келген қонақтар арасында тренинг өткізді. Одан әрі Роза Мамырбаеваға сөз беріліп, ол негізгі бөлімнің тақырыбы туралы кеңінен сөз қозғады. Іс-шараға келген қонақтар да «Бала тәрбиелеу ісінде қандай олқылықтар жіберіп жатырмыз?» деген сауал төңірегінде ой өрбітіп, пікір алмасты. Осы тақырып төңірегінде шараға қатысқан ауыл тұрғындары да өздерінің ойларын ашық жеткізді. Содан соң шара Д.Қонаев ауылы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Шара соңын аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Селбайқызы сөз сөйлеп, қорытындылады.
Марат Жолдасбекұлы.