Қорғаныс саласының кәсіподақ мүшелеріне семинар өткізілді
Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ мүшелерінің қатысуымен іс-шара өткізілді. Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысшылардың құқықтық сауаттылығы мен кәсіби біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында облыс қызметкерлеріне семинар ұйымдастырып өткізді. Аталған іс-шара қазіргі еңбек нарығында ерекше маңызды болып табылатын Еңбек заңнамасы туралы білімді нығайту және келіссөздер жүргізу дағдыларын дамытудағы маңызды қадам болды.
Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастауыш кәсіподақ ұйымы «Қарулы күштер, басқа әскерлер және әскери құрылымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз қаласы және Жамбыл облысының әскери бөлімдерінің бірлескен кәсіподағы» филиалының мүшелік ұйымына кіретін болғандықтан, «Әлеуметтік серіктестік», «Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік заңнамасының теориясы мен тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін ұжымдық шартты әзірлеу және оған қол қою» семинар тақырыбына айналды. Семинарға қатысушылар заңнамадағы ағымдағы өзгерістермен, сондай-ақ, жұмыс орындағы шешуді талап ететін мәселелер бойынша практикалық ұсыныстармен танысудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Семинарды «Қарулы күштер, басқа әскерлер және әскери құрылымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Тараз қаласы және Жамбыл облысының әскери бөлімдерінің бірлескен кәсіподағы филиалының төрағасы Жүсіпов Алтынбек Сағитжанұлы және «Қарулы күштер, басқа әскерлер және әскери құрылымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласының әскери бөлімдерінің бірлескен кәсіподағы филиалының төрағасы Даулетов Қуаныш Рахымұлы жүргізді. Әңгіме барысында жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін тиімдірек қорғауға көмектесу үшін өзінің бай тәжірибесі мен білімімен бөлісті.
Қатысушылар белсенді қызмет барысында кездесетін мәселелерді ортаға салып, талқылады. Ұжымдық шарттардың маңыздылығы мен олардың еңбекшілер құқығын қорғаудағы рөлі өзекті тақырыптардың бірі болды.
Семинар тек танымдық қана емес, тәжірибе алмасу, пікір алмасу алаңына айналды. Аталған іс-шара жұмыс орында жағымды атмосфераны құруға және командалық рухты нығайтуға ықпал ететінін айқындады.
А.Жүсіпов аймақтағы кәсіподақтар ұйымының жұмысына оң бағасын беріп, бастауыш кәсіподақ ұйымдары әрдайым назарда екенін айтып өтті. «Кәсіподақтың күші – оның бірлігінде», бастауыш ұйымдардың мықтылығында. Ал бастауыштардың бәсекеге қабілеттілігі мекемедегі әлеуметтік әріптестіктің пәрмені, ұжымда ауызбіршіліктің болуы мен кәсіподақ мүшелерінің білімі мен біліктілігіне байланысты – деп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
З.Куренкеева,
Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
