Өлеңі – өмірі
28 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Ұлу жылы да тарих қойнауына еніп, Жылан жылы да төрімізге енгелі отыр. Жаңа жылды әлем халқы тойлайды. Сондықтан бұл мерекеге дайындық қарқынды жүргізіледі. Аудан орталығында да жыл сайынғы дәстүрге сай шырша орнатылып, ерекше көркем құралдармен безендірілді. Кеше кешқұрым осы шыршаның шамшырағы жағылды.
Шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов пен оның орынбасарлары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, әр түрлі мекеме басшылары да қатысты. Жиылған жұрт әсем шыршаның көркемдік тұрғыдан келісті безендірілгеніне тамсанып, Жылан жылы да елімізде бейбітшілік пен тоқшылық болсын деген ниетпен тарқасты. Шара соңында зеңгір көк аспанға отшашу шашылып, әсем ән шырқалды.
«Құлан таңы» ақпарат.