СЕМІЗДІК ғасыр дертіне айналып бара ма?
21 ViewsСоңғы мәліметтер бойынша, бүгінде дүние жүзі бойынша артық салмақ қосқан адамдардың саны 2 миллиардқа жетіпті. Ал біздің Қазақстанда 4 миллионнан астам адам семіздікке шалдыққан.…
Жаңа жыл мерекесіне орай ауданымызда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мерекелік кеш өтті.
Аудандық білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» және «Балалар мен жасөспірімдер орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Айтымбетұлы қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
Мерекелік кешке қатысқан ерекше білімді қажет ететін балалар Аяз ата мен Ақша қарға өз өнерлерін көрсетіп, ертегілер еліне саяхат жасады.
Шара соңында кешке қатысқан барлық балаларға сыйлықтар табысталды.
Ақжарқын Мұратбекқызы.