Құры сөздің емес, нағыз істің адамы
40 ViewsҚазір өкінішке орай, елдің қамын ойлағаннан гөрі өзінің жеке мүддесін ойлайтын адамдар көбейді, шыны керек. Сөйлесе кетсең, дүние-байлықты сөз етеді көбісі. Болмаса шыққан әулетін…
Кеше Қорағаты станциясында 15 келушіге арналған жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Жаңа медициналық нысанның құрылысын «Синдикат груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Жоба құны 245,5 млн. теңгені құрайды. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қорағаты станциясының тұрғындары зор қуанышқа кенелді. Ол ауыл тұрғындарының жүздерінен де көрініп тұрды. Елдімекен тұрғындарының қуанышына аудан әкімі Ернар Есіркепов те ортақтасып, кеше пайдалануға берілген жаңа медициналық нысанның ашылу рәсіміне қатысты. Өз сөзінде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы жалпы аудан аумағында 2024 жылы ауқымды тірліктер атқарылғанын айтты. Халықтың игілігіне берілген жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктіні де сол атқарылған ауқымды тірліктердің қатарына жатқызуға болады. Оны аудан әкімі Ернар Есіркепов те өз сөзінде тілге тиек етті. Содан соң аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов те сөз сөйлеп, фельдшерлік-акушерлік пунктінің аға дәрігері Балнұр Әбдіәкімқызына жаңа ғимараттың «Символикалық кілтін» табыс етті. Салтанатты шара соңында аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, Қорағаты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Боранбаев жаңа медициналық нысанның лентасын қиды.
Марат Диханбай.