ОРАЗА ДЕГЕН НЕ?
57 ViewsОРАЗА ДЕГЕН НЕ? Ораза дегеніміз – белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсілік қалаулардан тыйылу. Оразада ішіп-жеу және құмарлық сезімдерден сақтану – парыз. Оразаның уақыты –…
Жақында аудандық мәдениет үйінде жастар саясатын іске асырып, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған «Жаңару маусымы» атты жайдарман ойынының ақтық кезеңі болып өтті. Финалда маусымашар ойындары мен жартылай кезеңде үздік деп танылған 7 команда бақ сынады. Олар: «Пирамида», «Бомбей қыздары», «Бағдаршам», «Зың-зың», «Тереңөзек сити», «Құлан жастары» және «Фук-фук» командалары. Аудан әкімінің кубогы сарапқа салынған жауапты ойынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дидар Сауқымбек, Басқар Битанов атындағы аудандық халықтық театрдың көркемдік жетекшісі Эльмира Асылбекова және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Сәрсеханұлы қазылық етті.
«Сәлемдесу», «Еркін тақырып» және «Жамбы ату» (Биатлон) сынды үш кезең бойынша өнерлерін ортаға салған жас жайдарманшылар әзіл сүйер қауымға шырайлы күлкі сыйлады дей алмаймыз. Десек те, командалардың ойындарына қарап отырып, ізденісті байқауға болады. Соның ішінде аймақтық лигаларда ауданымыздың атын асқақтатып жүрген «Фук-фук» (Құлан ауылшаруашылығы колледжі) командасын айтсақ жарасады. Сонымен жұрт асыға күткен жеңімпазды марапаттау сәті де келіп жетті. Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен жүлделі III орын «Тереңөзек сити» (Жамбыл орта мектебі) жайдарман тобына бұйырса, жүлделі II орынға Құлан ауылшаруашылығы колледжінің білімгерлері яғни, «Фук-фук» командасы ие болды. Ал жүлделі I орынмен бірге аудан әкімінің кубогын өзіндік юморларымен көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білген № 1 лицей-мектебінің «Бағдаршам» командасы жеңіп алды.
Марат Диханбай.