Бір биік боп қаларыма сенем, бек…
37 ViewsАУЫЛДА ТҰРЫП, ҚАРАПАЙЫМ ҒҰМЫР КЕШКЕН, ӨЗІ ЖАЗҒАН ӨЛЕҢДЕРІ АРҚЫЛЫ МҰҚЫМ ҚАЗАҚҚА ЕСІМІ ЕЛЕУЛІ БОЛҒАН АҚЫН ҚУАНДЫҚ ШОЛАҚ ӨМІРДЕН ӨТСЕ ДЕ, ОНЫҢ ЛИРИКАҒА ТОЛЫ СЫРШЫЛ…

Жуырда ауданымызда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен жылжымалы көрме өтті. Аудан тұрғындарына арналған көрмеге облыстық тарихи-өлкетану бас қор сақтаушы қызметкері Айша Бегалиева мен маркетинг және менеджер Ақмарал Оразбекова қатысты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген көрме «Тараз – ғасырлар куәсі» деп аталды. Жалпы, көрмеге 70-ке жуық археологиялық бірегей жәдігерлер қойылды. Х-ХІІ ғасырларға жататын бұл археологиялық жәдігерлер Ежелгі Тараз өңірінің тұрмыс-тіршілігі мен тарихын айқын бейнелейді. Музейдің басты мақсаты – қор бөлімінде сақталған археологиялық құнды дүниелерді насихаттап, олардың тарихын көрмеге келген қонақтарға кеңінен түсіндіру болса, сол құндылығы мол тарихи жәдігерлерді сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – басты міндет болып табылады. Сондай-ақ, бұл шара тек ауданымызда ғана емес, облысымыздың басқа да аудандарында жалғасын табуда.
С.ҚАРАСАЕВА.