Көкдөнендіктер қарсылас шақ келтірмеді

681 Views

Көкдөнендіктер қарсылас шақ келтірмеді

Бүгінде елімізде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен көптеген игі істер қолға алынып, жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Алдағы жылдың көктемінде еліміздің көшбасшы партиясының құрылғанына 20 жыл толады. Осы айтулы күнді тойлауды «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалы қазірден бастап кетті. Нақты айтсақ, партия аудандық филиалының ұйытқы болуымен жуырда волейболдан ересектер арасында жарыс өтті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған жарыста аудан волейболшылары кім мықтыны анықтап, жарыс көрігін қыздырды. Бұрын бірді-екілі командалар болмаса, көпшілігі қызықты ойын өрнегін көрсете алмайтын. Ауданда спорттың осы түрі қарқын алып, жылдан-жылға дамып келе жатқанының куәсі болдық. Дегенмен, ойын тізгіні әлі де көкдөнендік волейболшылардың қолында көрінеді. Тартысқа толы жарыста «Көкдөнен» командасы қарсылас шақ келтірмей, тұғыр биігінен көрінді. Көкдөнендіктерге қарымды қарсылық көрсете білген «Жаңатұрмыс» құрамасы екінші орынды еншілесе, үздік үштікті «Көгершін» командасы қанжығасына байлады. Аудандық мәслихат депутаттары қаржылай қолдау көрсеткен жарыста жеңімпаз командаларға «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалы тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

М.СЕЙДАШЫМ.

Поделиться ссылкой: