АУЫЛ ЖОЛДАРЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ — БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

44 Views

Елімізде ауылдық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Аталған бастамалардың бірі – «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама аясында ауданымызда жол жөндеу және көлік қатынасын жақсарту бойынша ауқымды жобалар іске асырылуда. Жергілікті тұрғындардың өмір сапасын арттырып, ауылдық жерлердің дамуына тың серпін беретін бұл жұмыстардың маңызы зор.

 БАУЫРЖАН ЕСЕЕВ

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары

 

Өткен 2024 жылы бағдарлама шеңберінде аудан аумағындағы 24 көшенің 19,5 шақырымдық жолын жөндеу көзделіп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері нәтижесінде құрылыс жұмыстары жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда 23 көшенің (18,1 км) жол құрылысы толық аяқталып, сапа орталығының сараптамалық қорытындысы негізінде қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Ал, Әбжапар ауылындағы Құрманғазы көшесінің 1,4 шақырымдық жолының 0,5 шақырымын жөндеу жұмыстары 2025 жылға жоспарланып отыр.

Ауданның көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары 2025 жылы да жалғасады. Атап айтқанда, Сұмқайты ауылына кіреберіс 2,9 шақырымдық автомобиль жолын жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 9 жоба аясында 31 көшенің 36,3 шақырымдық жолын жөндеуге қажетті жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, тиісті сараптамадан өтуде.

Жол құрылысының сапасын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы арнайы сынама алу және техникалық бақылау жұмыстарына тиісті қаражат қарастырылған.

Бұл шаралар жолдардың сапалық көрсеткіштерін арттыруға бағытталғандығын атап өту қажет.

Ауылдық елдімекендердің көлік инфрақұрылымын жаңғырту – халықтың әл-ауқатын жақсартудың маңызды шарты екендігі анық.

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасып, аудан тұрғындарына сапалы және қауіпсіз жол инфрақұрылымы ұсынылатын болады.

Аудан басшылығы бұл жұмыстарды ерекше бақылауда ұстап, ауылдық жерлердің өркендеуі үшін кешенді шараларды іске асыруды жалғастыратын болады.

Поделиться ссылкой: