Елімнің бақытын тербеткен ТӘУЕЛСІЗДІК
Елімнің бақытын тербеткен ТӘУЕЛСІЗДІК
Тәуелсіздік жолында қазақ халқы ашаршылық кезеңді де, сұрапыл соғысты да басынан өткерді. Дегенмен, өскелең ұрпақ яғни біздер, мына жайтты мақтанышпен айта аламыз. Бабаларымыз қасіретті жылдардың зардабын тарта жүрсе де, болашақ ұрпаққа қазақ елінің рухы биік екенін, кез келген жағдайға қасқайып қарсы тұра алатындығын ұқтырып кетті. Осындай жігерліліктің, жанкештіліктің арқасында қазақ өлкесінің басына бейбіт күн орнады. Қазақ елі өзінің азаттығына қол жеткізді. Азаттық мерекесінің 27 жылдығына орай Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті. Оған аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов, «Ұлы Сұлтан» шаруа қожалығының басшысы С.Сұлтан, Қазақстан Республикасы «Фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Дайрабаев, «Құлан Дән» несие серіктестігі басқармасының басшысы Р.Әбдіқадыров, ауданымыздың Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Т.Алагөзова және Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі С.Бердіходжаева қатысып, тәуелсіздік турасында қадау-қадау сөздер айтты.
Ізгі тілектермен басталған іс-шара мың бұралған бишілер мен жарқын дауысты оқушыларымыздың патриоттық рухқа толы әуезді әндерімен жалғасын тапты.
Ахмет ҚАМШЫБЕК,
Ш.Уәлиханов атындағы
шағын орталықты орта мектептің
11-сынып оқушысы.