Әкім шыршасы
Балаларды шаттыққа бөледі

Жаңа жылдық мерекені жұрт асыға күтеді. Әсіресе, бүлдіршіндер үшін Аяз ата мен Ақша қардан сыйлық алғаннан артық бақыт жоқ. Жылдағы дәстүрге сай биыл да қайырымдылық ұйымдардың үлес қосуымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық шырша Құлан мектеп-гимназиясында өтті.

