Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Өткен жұмада аудан әкімі Ернар Есіркепов тұрғындарды жеке қабылдады. Аудан әкімдігінде өткен қабылдау барысында тұрғындар өздерінің тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерімен келіп, аудан басшысынан көмек сұрады. Әр түрлі салада туындаған мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Қабылдауға келген азаматтар арасында пәтер алу, жұмыспен қамту, мәдени іс-шараларды өткізуге рұқсат алу сияқты маңызды сұрақтар көтерілді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету және «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында туындаған қиындықтарды шешу қажеттігі де айтылды. Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, мәселені оңтайлы шешу жолдарын қарастыруды жауапты басшыларға тапсырды.
Кездесуде жер мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Қабылдауда бірнеше жер мәселелері де қаралып, тұрғындар тарапынан түрлі өтініштер түсті. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы барлық сұрақтарды жауапты мекемелермен бірге қарап, нақты шешімдер қабылдау керектігін айтты.
Қабылдау барысында бірқатар мәселелер сол мезетте-ақ шешілді. Жұмысқа орналастыруды өтінген луговойлық тұрғынға басқа жұмыс орны ұсынылып, жұмыс беруші мен өтініш иесі тағы да бір кездесуге уағдаласты.
Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімі Ернар Есіркепов барлық мәселелерді жеке бақылауға алатынын айтып, жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жәнібек Базылбек.