Көктем мезгіліндегі 6-шы сенбілік

34 Views

Өткен сенбіде ауданда көктемгі көріктендіру және тазалық жұмыстары аясында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме қызметкерлері, ардагерлер, еріктілер, жастар белсене қатысып, көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар тазаланды. Сенбілік жөнінде біз аудан әкімдігі тұрғын үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айхан Назарбековтен блиц-сауал алған едік.
– Өздеріңізге белгілі, ел аумағында Президентіміздің бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы үздіксіз жүріп жатыр. Оның үстіне биылғы жылы көктемдік 2 айлық абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары бойынша аудан әкімінің қаулысыда бекітілген. Біз осы көктемде абаттандыру бойынша 6-шы сенбілікті ұйымдастырып отырмыз. Қазір көріп отырғандарыңыздай, Құлан ауылындағы «Дендро саябаққа» келіп, аудан әкімдігінің бөлім қызметкерлері мен әртүрлі ұйымдардағы мекеме басшылары тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Одан бөлек Құлан ауылындағы орталық көшеге әр мекеме өзіне бөлінген аймақтарда да тазалау жұмыстарын жүргізуде. Сенбілікке арнайы техникалар қарастырылды. Аудандық депутаттық корпус, ардагерлер және жастар осы сенбілікке атсалысты. Жалпы аудан бойынша 3000-ға жуық адам сенбілікке атсалысты. Сенбілікке 40-қа жуық техника жұмылдырылды, – деді бөлім басшысы.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: