Өзекті мәселелер талқыланды

54 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық сала­ла­рына қатысты бірқатар маңызды тақырыптар қаралды. Күн тәртібінде коммуналдық меншік жайы бойынша аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Тойшығұл Жапарқұлов баяндама жасап, теңгерімде тұрған ғимараттар, қызметтік көліктер және пәтерлердің бүгінгі жай-күйімен бөлісті. Сондай-ақ, ауылдық округтердегі су ұңғымаларын теңгерімге алу мәселесіне байланысты аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Темірғали Биғазиев баяндама жасап, өз ұсыныстарын жеткізді. Кеңес барысында санитарлық тазалық, полигон және атшабар мәселесін заңдастыру, ондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауылшаруашылығы санағы, зиянкестерге қарсы күрес, көктемгі әскерге шақыру сияқты көптеген өзекті мәселелер ортаға салынды. Жиын соңында аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстың тиімді әрі жүйелі атқарылуын тапсырды.

Ж.СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой: