Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Кеше аудан әкімі Ернар Есіркепов ел Президентінің №826-шы Жарлығына сәйкес, Көкдөнен ауылдық округінің жұртшылығымен кездесті. Көкдөнен ауылдық мәдениет үйінде өткен келелі жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абақұлы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары да қатысты.
Кездесуде аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аудан аумағында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың барлығын тілге тиек етіп, баяндап берді.
Жасыратыны жоқ, Көкдөнен ауылында өзге ауылдарға қарағанда көп мәселенің өзектілігі шешімін тапқан. Бұл ауылдық округке қарасты Жақсылық ауылында да жыл сайын өзектілігі бойынша көтерілген мәселелер де рет-ретімен орындалып жатыр. Екі ауылда да газ бар, ауыз су бар, жол мен жарық мәселесінен бұл ауылдарда проблема аз. Яғни бұрынғыдай емес, қазір қос ауылда да жолдарға асфальт төселіп, көшелерге жарықшам орнатылған. Осы мәселелердің барлығы кездесу барысында айтылды. Дегенмен ауыл тұрғындары осы кездесуде Көкдөненге спорт кешенін, қос ауылдағы екі мектепке де күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, бейітті қоршау секілді мәселелерді көтерді. Айтпақшы, биыл Жақсылық ауылындағы Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Өзге де қойылған сұрақтардың реттілігі бойынша аудан басшысы Ернар Серікәліұлы көтерілген сауалдардың барлығы орынды екенін айтып, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
М.Жолдасбекұлы.