Ринотрахеит – инфекциялық ауру

70 Views

Инфекциялық ринотрахеит – қызба­мен жоғарғы тыныс жолдарының ката­ральды-некроздық қабынуымен, көз­дің, жыныс органдарының, орталық нерв жүйесінің зақымдануымен, іш тастауы­мен сипатталатын, жедел түрде өте­тін кантагиозды вирусты ауру.
Аурудың қоздырғышы – Herpesviridae тұқым­дасына жататын дирибо­нуклейнді қышқылы (ДНК) құрамды Herpesvirus bovis I. Табиғи жағдайда ірі қара малдар ауырады. Шаруа­шылық субъектілерінде ірі қара­ның инфекциялық ринотрахеит ауруы шыққан кезде ветеринариялық маман әкімшілік аумақ бірлігіне тиісті мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлайды. Әкімшілік аумақ бірлігіне тиісті мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ірі қараның инфекциялық ринотрахеит ауруы шыққаны туралы хабарды алғаннан кейін диагноз қою, эпизоотиялық зерттеу, эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтау үшін ауру шыққан жерге тез арада жетуі қажет.
Ауру малдардан басқа малдарды, жаңа эпизоотиялық ошақтарда тұрған малдарды жедел түрде инфекциялық ринотрахеитке қарсы құрғақ вирус­вакцинамен қолдану нұсқамасына сәй­кес иммунизациялайды.
Ауру малдарды оқшаулап, гиперим­мунды қан сарысуымен, спецификалық емес глобулинмен немесе рекон­валесцентті қан сарысуымен емдейді. Секун­дарлы инфекциямен асқынған жағ­дайда ұзақ әсерлі антибиотиктермен, сульфаниламидті нитрофуранды препа­раттар қолданылады.

А.Тлепов,
«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» Жамбыл облысы филиалының меңгерушісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Ж.Макашов,
«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» Жамбыл облысы филиалының аға лаборанты.

Поделиться ссылкой: