Бейбіт ел – бақытты бала

45 Views

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Досқожаева Гүлмира Идатқызы басшылық ететін «Балбөбек» бөбекжай-бақшасында да «Бейбіт ел – бақытты бала» деген тақырыпта іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – бөбекжай бүлдіршіндеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Іс-шараға аудандық аналар кеңесінің төр­айымы Түзел Селбайқызы, ардагер ұстаздар Тұрсынай Жылысбайқызы және Алтын Рахымжанқызы қа­тыс­ты. Іс-шараның өте жоғары дең­гей­де ұйымдастырылғанын кел­ген қонақ­тарымыз өз сөздерінде атап өтті. Мерейлі мерекеге орай ұйым­дас­тырылған іс-шарамызда бөбекжай бүл­дір­шіндері би билеп, әндер шыр­қады. Осы­лайша Халықаралық бала­ларды қорғау мерекесіне орай өткен іс-шара «Бал­бөбек» бөбекжай-бақша­сының бүлдір­шіндеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жазира Қабылбекова,
«Балбөбек» бөбекжай бақшасының әдіскері.

Поделиться ссылкой: