Аудан әкімі Тұрғындарды жеке қабылдады

282 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар тарапынан бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, Құлан, Жақсылық, Абай, Қарақыстақ және Ақбұлақ ауылдық округтерінен келген тұрғындар мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта қалыптастыру, оларды қоғамдық өмірге белсенді тарту, сондай-ақ, арнайы іс-шаралар санын арттыру сынды ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, жалақыны көтеру, баспана мәселесін шешу және жер телімдеріне қатысты өтініштер де айтылды. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді бақылауға алып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Әрбір өтініш бойынша тиісті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, заң аясында қаралатыны түсіндірілді. Жеке қабылдау – тұрғындардың мұң-мұқтажын тікелей жеткізуіне мүмкіндік беретін тиімді алаң. Мұндай кездесулер халықтың сенімін арттырып, жергілікті билік пен қоғам арасындағы байланыс арнасының нығаюына жол ашады.

Жәнібек Базылбек.

Поделиться ссылкой: