Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, өзекті тақырыптар талқыланды. Оның бірі аудан аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарының бүгінгі жай-күйі, қызыл сызықтарды сақтау және сақалды құрылыс мәселелері ортаға салынды. Бұл туралы жиында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қаблет Әбдрахманов баяндама жасады. Сала басшысы Құлан ауылында жаңадан спорт кешені салынып жатқанын айтты. Бұл нысан «Арай» тұрғын үй алқабының маңында бой көтеруде. Келісім шарт құны 405,8 миллион теңгені құрайды. Айта кету керек, соңғы үш жылда Көгершін, Ақбұлақ, Ақыртөбе және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінде жаңа спорт кешендері салынып, ауыл тұрғындарына пайдалануға берілген. Алдағы уақытта Көкдөнен және Тереңөзек ауылдарында да спорт нысандарын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін аталмыш ғимараттардың жобалық-сметалық құжаттары толық дайын. Құрылыс тек спорт саласында ғана емес, мәдениет саласында да жүргізілуде. Осы күнге дейін Көгершін, Ақыртөбе ауылдарында 90 және 120 орындықты мәдениет ошағы бой көтерсе, Луговой және Д.Қонаев ауылындағы мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өткен. Дәл қазіргі таңда Жаңатұрмыс ауылдық округінде тағы бір мәдени ошақтың іргетасы қалануда. Алдағы уақытта Еңбекші және Қызылшаруа ауылдарына да мәдениет үйін салу жоспарланып отыр. Сала басшысы ауданда су каналдары, мал өлекселерін тастайтын орындар салынып, аудан әкімінің бастамасымен ауыл ажарын арттыратын жобалар да қолға алынып жатқанын айтты. Аудан әкімі Ернар Есіркепов бөлім басшысына қызыл сызықтардан асқан және тірлігі тұралап, сақалды құрылыстарға айналған нысан иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Қажет болған жағдайда қатаң шараларға бару керектігін де алға артты. 2023 жылы ауданда жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілі қолға алынып аудан әкімдігі, Құлан агротехникалық жоғары колледжі және жұмыс берушілер ортақ келісімге келіп, үш жақты меморандумға отырған болатын. Нәтижесінде 89 бала аталмыш колледжге түскен. Бүгінде олар 2 курсты тәмамдап отыр. Аудан әкімі өз кезегінде меморандум аясында оқуға түскен білімгерлер оқу аяқтала салысымен міндетті түрде жұмыспен қамтылуы керектігін айтты. Жиында өзге де тақырыптар қозғалды. Оның ішінде әрине ең өзектісі әскерге шақыру науқаны. Жасырудың қажеті жоқ. Аталмыш бағыттағы жұмыс бүгінде сылбыр жүруде. Салаға жауапты басшының айтуынша, әскерге баруға ерікті түрде келісетін жастардың қатары азайған. Сондықтан да ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында көмек көрсетуді сұрады. Ұсынысты қолдаған аудан басшысы Ернар Серікәліұлы белгіленген межеге жету үшін бөлімдер арасында нақты жоспарларға негізделген бірлескен жұмыс болу қажет дегенді алға тартты.
Жәнібек Базылбек.