Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Жуырда аудандық спорт бөлімінің жоспарына сәйкес «Ал-Рай» мейрамханасында шахматтан обл ы с т ы қ т у р н и р ө т т і . Т у р н и р Құлан ауылының тұрғыны Райыл Әбдірайымұлының 80 жас мерейтойының қарсаңында ұйымдастырылған болатын. Шахмат жарысына облыстың әр өңірінен келген 40-тан астам адам қатысып, доданың көркін қыздырды. Нәтижесінде Т.Рысқұлов ауданының атынан қатысқан Шапағат Қонысбай жүлделі ІІІ орынға ие болса, ІІ орын Меркі ауданының тумасы Бақытжан Кембаевқа бұйырды. Ал турнирдің бас жүлдесі Алматы қаласынан келіп қатысқан Шыңғыс Серікбайдың қанжығасында кетті. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаз, естелік медальдармен марапатталды.
Ауданымызда шахмат ойынынан жарыстар жиі өткізіліп тұрады. Оның басым көпшілігі Райыл Әбдірайымұлындай жандардың арқасында ұйымдастырылып жүр. Сол үшін де қолдау көрсетіп жүрген ағамызға алғыс айтқымыз келеді. Алдағы уақытта дәл осындай жомарт азаматтардың қолдауының арқасында шахмат ойындары көптеп ұйымдастырылса деген ниетіміз бар.
Жандос АДИБАЕВ,
№1 мектеп-лицейінің
денешынықтыру пәнінің мұғалімі.