Өлеңі – өмірі
26 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2024-2025 жылғы оқу жылында оқуда озат болып, өз мектептерінің мақтаныштарына айналған «Алтын белгі» иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысып, сөз сөйледі.
Өз сөзінде Қайрат Әбілханұлы биыл мектеп бітірген жас түлектерге сәт сапар тілеп, қашанда мемлекеттің мүддесі жолында аянбай еңбек етуге тілеулестігін білдірді. Айта кетейік, биыл аудандық білім бөліміне қарасты 27 білім ошағынан 862 түлек мектеп бітіріп отыр. Соның ішінде мемлекеттік емтиханның қорытындысы бойынша 37 түлек «Алтын белгі» иегері атанған. Жиында «Алтын белгі» иегерлері мен олардың ата-аналары да сөз сөйледі.
Салтанатты жиын соңында Қайрат Әбілханұлы үздік түлектерге төсбелгілерін табыстап, болашақ өмірлеріне сәттілік тіледі.
«Құлан таңы» ақпарат.