Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Сүйінші сұрау – қазақтың тәрбиеге толы көнеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. «Сүйінші», «сүйінші» деген сөзді қуанышты сәттерде көп естиміз. Бұл қорқытатын сөз емес, керісінше естігендерді шат-шадыман ететін сөз.
Сүйінші жаналықты естігенде сүйіншісіне ұнатқан затын беріп, сүйінші сұраушыны да үй иелері қуантатын болған. Сүйінші сұраған кісінің бетін қақпай, қуантатын болған. Жас нәрестенің дүниеге келуі қай заманда болмасын ата-анасын, ата-әжесін, жанұя мүшелерін, туған-туыстарын, нағашы жұртын үлкен қуанышқа бөлейді. Ерте заманда үйдің асыраушысы отбасы нәпәқасымен мал соңында аң аулап жүрген уақытта сәбиі өмірге келсе, куанышты хабарды жылдам жеткізу үшін ауыл азаматы ат ерттеп мініп, түзде жүрген әкенің алдынан шығып, жаңа туған нәрестеге сүйіншісін сұрайтын болған. Үстіндегі бағалы сауыт-сайманын, астындағы жүйрік атын сүйінші сұрап келгенге мырзалықпен сыйға тартып жіберген кездер де кездескен екен. Сүйіншіге ат мінгізу, шапан кигізу – ертедегі ел дәстүрі болған. Сонша жерден ат терлетіп қуанышты хабар жеткізушінің еңбегін бағалау болса, сүйінші сұраудын ең маңызды тұсы нағыз жақындықтың белгісі болып есептеледі. Жақын адам бірінші больп сүйінші сұрайды. Міне, сүйінші екі жақты да қуанта түсетін дәстүр.
Сүйінші жақсылықтың нышаны болып табылады. Күні бүгінге дейін бұл дәстүр жалғасын тауып келеді. Қуанышты хабар естісек, бір-бірімізден бірінші больп сүйінші сұрауға асығып тұратынымыз бар. Сүйінші – қуанышты жаңалықты бірінші болып жеткізгенге берілетін сый. Мәселен дүниеге сәби келсе, шаңыраққа келін түсіп жатса, ағайын-туыс, дос-жаранның бірі үлкен атақ-абыройға жетіп жатса, осындай қуаныш сәтін естіген кісі өзге жақындарынан асыға сүйінші сұрайды. Бұл қуаньштың белгісі. Сүйінші сұрау, сүйінші беру бұл арадағы қуаньшты хабардың тарауына, өзгелердің шаттанып қуануына жол ашады. Ал өзгенің қуанышын өз қуанышындай көру дінімізде игі, сауапты іс болып табылады.
Құранда дүниеге келген нәресте үшін сүйінші сұрау көрінісі бар. Халқымыздың әу бастан сәби дүниеге келсе, ағайынға ат шаптырып, сүйінші сұрату осыдан алынған өнегелі іс десе болады. Алла Тағала Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбарды сәбимен сүйіншілегені туралы былай дейді: «Ол михрабта намаз оқып тұрған сәтте оған періштелер: «Расында, Алла сені Яхиямен қуандырады», – деп дауыстады» («Әл Имран» сүресі, 39-аят). «Уа, Зәкәрия! Расында, сені Яхия атты бір ұлмен қуантамыз (сүйіншілейміз). Біз бұрын мұндай атты ешкімге коймаған едік» («Мәриям» сүресі, 7-аят). Қазақтың сүйінші сұрау дәстүрінен де нағыз бауырмашылдықты сезінуге болады. Ағайынның арасында ынтымақ пен бірлік болса, ондай жерде әрдайым береке мен қуаныш бірге жүреді. Ағайынның қуанышын өз қуанышындай сезіну бұл мұсылмандықтың сипаты. Ардақты Пайғамбарымыз (оган Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылмандар бір-біріне бауыр-малдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», – деген (имам Бухари). Әбу Хурайрадан жеткен тағы бір риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне: «Бір-біріңе сый беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады», – деп өсиет еткен (имам Бухари).
Бауырмалдық қашан да жақсы іске жетелейді. Жақсы қарым-қатынас, ағайынның өзара мейірімі осыдан туады. Қуанышты сәтті бірге бөлісу, оған ортақ болу, жанында жүру дініміздің көркем амалы. Тағы бір хадисте: «Парыздардан кейінгі ең құнды амал – бір мұсылманды қуанту», – деп келеді. Бір адамның көңілін қалдыру қандай ауыр жара болса, бір мұсылманды қуанту ең үлкен сый іспеттес. Бір мұсылманға қуанышты сүйіншілеп жеткізу – адамның дәрежесін көтере түседі. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір мұсылманды қуантқан адам мені қуантқан болады. Мені қуантқан адам Алла дәргейінде бір уәде алған болады. Алладан уәде алған адамға от ешқашан тиіспейді», – деп айтқан екен.
Дана халқымыз дініміздің құндылықтарын сақтау мақсатында тәрбиеге толы дәстүрлерді қалыптастырып берген. Адамгершілік қасиеттер жас ұрпақ бойына бабалардың қалдырған ізгі жолымен, салт-дәстүрімен беріледі.
Сұлтаншәріп қажы Джадраев,
«Сұлтан» мешітінің наиб имамы.