Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжаттың қабылданғанына биыл 30 жыл толады. Алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. Тарихқа кері шегінетін болсақ, тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты.
Ата Заңымыз бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі – халық болып табылады. Мемлекетіміздің Конституциясы – бұл біздің бірлігіміздің, татулығымыздың кепілдігі, биліктің барлық буынының жолға қойылған, тиімді жұмысы, еңбек ету, лайықты өмір сүру және жан-жақты үйлесімді даму үшін адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту мен ұлтаралық келісім – елдің гүлденуі болып табылады.
Конституция Қазақстан азаматының өмір сүруге, сөз еркіндігіне, шығармашылық еркіндігіне сонымен қатар дін ұстанымы еркіндігіне, еңбекке, демалысқа, денсаулық қорғауына, ақысыз орта білім алуына және жеке адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмау құқығына кепіл болады. Әрбір қазақстандық азамат біздің Конституциямызда жария етілген демократиялы құндылықтардың сақталуына жауапты. Әрбір азамат өзіне тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналады. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің қамтылғанын айғақтайды.
Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау – республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс. Құжаттың нормативтік әлеуметтері де халыққа талай қызмет етіп демократиялық құқықтық мемлекеттіліктің одан әрі беки түсуіндегі прогресс жолында мығым заңдық негіз болып қала бермек.
Ж.Баймендиев, Тұрар Рысқұлов аудандық
сот әкімшісінің басшысы.