Ардагерлерді марапаттады

29 Views

Апта басында аудандық «Құлан таңы» газетінің бас редакторы Нұрлан Бықыбаев ұзақ жылдар осы газетте бас есепші болып жұмыс істеген Васфия Физлова мен аудандық басылымда көптеген жылдар жауапты хатшы қызметін атқарған Раиса Сакаеваның үйлеріне арнайы барып, Алғыс хат табыс етті. Еңбек адамының атқарған қызметі әрқашан еленгені абзал. Бұл тұрғыда біз Васфия Физлова мен Раиса Сакаеваның аудандық газетте еткен еңбектері ерен дер едік. Өз сөзінде Нұрлан Дүйсенәліұлы маусым айының 20-сы күні аудандық газеттің 85 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілгендігін тілге тиек етіп, олардың бұл ұжымда өзіндік қолтаңбасы қалғанын жеткізді. Еңбекті елеп, арнайы құттықтап келген аудандық газеттің бас редакторы мен ұжымына газеттің қос ардагері де өз алғыстарын білдірді.
Өз тілшіміз.

Поделиться ссылкой: