Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Сейсенбі күні «Рухани жаңғыру» офисінде аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби караоке өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, жастар және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Ілкімді іс-шарада Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілсе, қатысушылар ақын туралы тың қызықты деректермен танысты. Оның өмір жолы, дүниетанымы мен ағартушылық қызметі тереңінен баяндалды. Шара барысында оқырмандар ұлы Абайдың өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, жүрекпен жеткізсе, көпшілік бірге «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» сияқты халыққа кең тараған әндерін караоке арқылы шырқап, ерекше рухани көңіл күйге бөленді.
Сонымен қатар «Абай – ұлттың рухани темірқазығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары мен ол туралы жазылған зерттеу еңбектеріне шолу жасалды. Көрме аясында оқырмандарға Абай мұрасының маңызы мен тәрбиелік мәні жайлы ақпарат берілді.
Әдеби караоке оқырман қауымға үлкен рухани әсер қалдырды. Бұл іс-шара – Абай мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттаудың, оны жүрекке сіңірудің нақты көрінісі болды.
Гүлмира Жаманбаева,
аудандық кітапхананың библиографы.