Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Қазан-ошақ жағу кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері:
– ошақты арнайы қауіпсіз алаңға орнатыңыз қазан-ошақты құрғақ шөптен, ағаштардан, қора-жайдан және басқа да жанғыш заттардан кемінде 10 метр қашықтықта орналастырыңыз;
– қазан астына от жағу үшін тек кұрғақ отынды қолданыңыз, жанар-жағармай өнімдерін (бензин, керосин және т.б.) қолдануға қатаң тыйым салынады;
– өрт сөндіру құралдарын дайындап қойыңыз жақын маңда су толы шелек, өрт сөндіргіш, күрек және құм болсын;
– қазанның қасында балалар мен бөгде адамдардың болуына жол бермеңіз бұл олардың қауіпсіздігі үшін маңызды;
– жанатын материалдарды жақын жерге жинамаңыз, ағаш, киім-кешек, отын және басқа да тез тұтанатын заттар ошақ маңында болмауы керек;
– ошақты қараусыз қалдырмаңыз, қазанның қасында әрдайым ересек адам болуы шарт.
Статистика көрсеткендей, өрттің көп бөлігі карапайым қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан орын алады. Сондықтан да әр азаматтың қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауы – тек өз мүлкін емес, отбасының, жақындарының да өмірін қорғау деген сөз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері тұрғындарды қазан-ошақ жағу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Төтенше жағдай орын алғанда 101 немесе 112 нөміріне шұғыл хабарласуды ескертеді.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.